Атырау, 20 желтоқсан 19:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

​Атырау-Орал тас жолындағы жол апатынан төрт адам қаза тапты​

Бейнежазба
1 093 просмотра

26 қазан күні Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Атырау-Орал тасжолында 4:00 шамасында Ресей елінде тіркелген Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Тоқтатуға жүргізушінің жол ережесін бұзуы себеп болған. Жүргізушіге хаттама толтырылғаннан кейін түнгі уақытта сақтық шараларына мұқият болу керектігі ескертілген.

Алайда, таңғы сағат 6:00 шамасында Daewoo Nexia автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, ал көлік толықтай отқа оранды. Қазіргі уақытта атағалған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.  


26 қазан, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.