Атырау, 29 желтоқсан 05:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Атырау облыстық сотынд​а Республика күні салтанатты түрде атап өтілді ​

1 226 просмотра

Атырау облыстық сотында Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға сот жүйесінің ардагерлері, облыс соттарының судьялары, Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша Департаменті басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Құттықтау сөзінде сот төрағасы Мухтар Парменов Республика күні мерекесін мемлекеттік деңгейде атап өтудің мәні мен маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларды мерекемен құттықтады.

«Бұл күн – Қазақстан үшін маңызды даталардың бірі.  Бұл - ел тарихындағы републикамыздың құрылуы мен дамуы басталған күн. Осы күні Тәуелсіздігіміздің алғашқы төлқұжаты қабылданды, сондықтан бұл мереке ұлттық сипатқа ие болды.
Біз және болашақ ұрпақ еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін жоғары бағалап, Қазақстанның қалыптасуына, дамуына және нығаюына жол салғандардың еңбектеріне әрқашан құрметпен қарауымыз керек», - деді М.Парменов.

Салтанатты жиын марапаттау рәсімімен жалғасты.

Атырау облыстық сотының судьясы Г.Даулетова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының І дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен, Махамбет аудандық сотының төрағасы А.Досмагамбетова  «Сот жүйесінің үздігі» медалімен, Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы А.Ергазиева Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.

Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаменті Баспасөз қызметінің басшысы М.Утегулова,  Жылыой аудандық соты әкімшісінің басшысы А.Жаксыгулова III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, Ішкі қауіпсіздік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Серік «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 

Сот әкімшілігі Атырау облысы бойынша департаменті басшысы Г.Джумагалиева, Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Салихова, Атырау облыстық сотының судьялары Б.Нуржанова, Г.Даулетова, Қызылқоға аудандық сотының төрағасы А.Байназаров, Махамбет аудандық сотының төрағасы А.Досмагамбетова, Құрманғазы аудандық сотының судьясы Б.Менситова, Мақат аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Қ.Орыспаев, Атырау қалалық сотының судьясы Д.Баймаханова, Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы А.Азмуханова Атырау облыстық соты төрағасының құрмет грамоталарымен марапатталды.

Атырау қалалық соты әкімшісінің бас мамандары А.Нигметова, Р.Узыханова, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты әкімшісінің бас мамандары А.Есалиева, А.Айтбаева, Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты әкімшісінің бас маманы М.Алпысбаева, Қызылқоға аудандық соты әкімшісінің бас маманы Б.Абдуалиева, Жылыой аудандық соты әкімшісінің жетекші маманы З.Куанышева, Мақат аудандық соты әкімшісінің бас маманы Д.Кауханова Сот әкімшілігі Атырау облысы бойынша департаменті басшысының құрмет грамоталарымен марапатталды.

Сот жүйесінің ардагерлері Ж.Кенжебаева және З.Абдикулова, Атырау қалалық сотының төрағасы Ж.Жақсылық Қазақстан Рсепубликасы Судьялар одағының «Үш би» Құрмет белгісімен, Атырау облыстық сотының төрағасы М.Парменов және Атырау облыстық сотының судьясы М.Черняховская «Судьялар одағының құрметті мүшесі» Құрмет белгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы З.Байназарова, Атырау қалалық сотының судьясы А.Дюсебалиев, Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Д.Даумов «Жеті жарғы» Құрмет белгісімен марапатталды.

Мақат аудандық соты әкімшісінің басшысы С.Сагинова, Атырау қаласының №2 соты әкімшісінің бас маманы Н.Тургаева «Сот жүйесінің белсенді қызметкері» Құрмет белгісімен марапатталды.

Іс-шара аясында судьялар мен сот қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының құрмет грамоталарымен, Судьялар одағының құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.

Атырау облыстық сотының судьялары М.Ергазиевке, С.Хасанға, А.Магзомоваға «Мақат ауданына 100 жыл» мерекелік медалі табысталды.

Сондай-ақ, жиын барысында жас судьяларға мемлекеттік тілдегі ең үздік сот актісі үшін марапат табысталды.

«Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот актісі» байқауының жеңімпаздары:
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша – судья Ж.Нургалиева
- азаматтық істер бойынша – Индер аудандық сотының төрағасы Р.Баймаханбетов
- қылмыстық істер бойынша – Мақат аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Қ.Орыспаев

Сонымен қатар, Сот әкімшілігі департаментінің қызметкерлері Р.Диасқа, С.Мусабайға мемлекеттік қызметшілер арасындағы спорттық іс-шараларға қатысқандары үшін Атырау облысы әкімі аппараты басшысының алғыс хаттары табысталды.

Салтанатты іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

25 қазан, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.