Атырау, 5 желтоқсан 12:49
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Палестина басшысы: "Израиль бір жыл ішінде Палестина жерінен кетуі керек"

1 296 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

Бұл туралы Қазанда өтіп жатқан БРИКС плюс/аутрич форматындағы БРИКС саммитінің қорытынды отырысында Палестина президенті Махмұд Аббас мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Біз әлем елдерін Израиль билігін бір жыл ішінде Палестина мемлекетінің жерінде заңсыз болуын тоқтатуға міндеттеуге және талаптар орындалмаған жағдайда оларға қарсы санкция салуға шақырамыз", – деді Аббас.

Палестина басшысы Израильдің Газа секторындағы палестиналықтарды геноцидті жалғастырып, этникалық тазарту жүргізіп жатқанын баса айтты. Аббас сонымен бірге көпшіліктен Израильдің Шығыс Иерусалимдегі UNRWA кеңсесін жабуын айыптап, оны бұл шешімнен бас тартуға мәжбүрлеуін талап етті.

24 қазан 2024, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.