Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
23 қазан күні сағат 18:00-ден 19:00-ге дейін бір сағат бойы көп ата-ана балаларын DamuBala платформасы арқылы тегін спорт секцияларына жаздыруды жоспарлаған болатын. Алайда портал ашылған сәттен 15 минуттан кейін қайта жабылды.
Тіркеу үшін портал жиі ашыла бермейді, ата-аналардың баласын спорт үйірмесіне тіркеуге мүмкіндігі бар екені әлеуметтік желілер мен DamuBala сайтында алдын ала хабарланды. Бірақ көбі балаларын тіркеп үлгермеді, себебі 15 минуттан кейін портал қайта жабылды. Наразы болған ата-анаға жеті мың орынның бәрі әп-сәтте бөлінгенін хабарлады. DamuBala сайтының техникалық кеңесшілерінің айтуынша, орындарды бөлу оператордың - Атырау облысы бойынша спорт және мәдениет басқармасының бюджетіне байланысты.
Көп ата-ананың, соның ішінде көп балалы отбасының балаларын ақылы үйірмелерге апаруға шамалары болмағандықтан, бұл платформа олар үшін жақсы мүмкіндік. Айтпақшы, көп ата-ана порталдың ашылғанына қарамастан, жүйе тіркеу кезінде-ақ «қателік бар» деп жасамай қалғанына шағымданса, ал басқалары балаларын шығармашылық үйірмеге белсенді ваучер болғандықтан тіркей алмағанына таң қалды. Алайда бұрын әр баланың екі секцияға – шығармашылық және спорттық секцияға қатысуға мүмкіндігі бар екені айтылған болатын.
Қалай болғанда да, көп ата-ана мен баланың райы қайтып қалды. Атырау облысындағы спортпен айналысқысы келетін барлық баланы есептесек, жеті мың орын мұхиттың тамшысындай ғана.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА