Атырау, 24 қараша 21:21
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясы Батуми теңіз портының өндірістік активтерін жаңартуда

1 250 просмотра

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (қатысу үлесі 100% ҚазТрансОйл» АҚ-ға тиесілі) «Батуми теңіз порты» ЖШҚ-ның құрғақ жүк терминалын жабдықтау үшін жүк көтергіш мүмкіндігі 40 тоннаға дейін жететін «Аист» типті жаңа порталдық кранын пайдалануға берілді, деп хабарлайды «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі.

Техникалық инфрақұрылымды жаңарту порттың тиімділігін арттырады, нақтырақ айтқанда - бұл оның әрі қарай дамуы мен бәсекеге қабілеттілігі үшін маңызды. Бұл шара «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-дағы көлемді жүк мөлшерінің артуымен байланысты.

Жаңа порталды кранның орнатылуы «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ -ның құрғақ жүк терминалының технологиялық өнімділігін арттырады. Атап айтқанда, көлемді кеме түрлері Handysize және Handymax-қа қызмет көрсету операцияларының мүмкіндіктері артады.

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында «Батуми теңіз порты» ЖШҚ 1 миллион 408 мың тонна құрғақ жүкті ауыстырып тиеді, бұл 2023 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 51,1 мың тоннаға артық.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ өз дамуының стратегиясы аясында сұйытылған көмірсутек газы және жеңіл мұнай өнімдерін өңдеу көлемін арттыруға бағытталған екі маңызды инвестициялық жобаны бастады. Бұл жобалар терминалдың инфрақұрылымын жаңартуды және кеңейтуді көздейді, бұл компанияға аталған жүк түрлерін өңдеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, нарықтағы өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандырып, порттың бәсекеге қабілеттілігін нығайтады.

Бұл бастама порттың дамуы бойынша ұзақ мерзімді жоспардың бір бөлігі болып табылады, порттың жүк айналымын арттырып, оны өңірдегі маңызды логистикалық торап ретінде орнын нығайта түспек.
 
Анықтама үшін: «КазТрансОйл» АҚ — магистральды мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. 5,4 мың км ұзындықта әртараптандырылған магистральды мұнай құбырларын иеленеді және 5 мың км-ден астам үшінші тарап ұйымдарының құбырларына қызмет көрсету бойынша операторлық қызметтер көрсетеді.
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ — «КазТрансОйл» АҚ-ның (100 %) еншілес ұйымы. «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ арқылы Грузиядағы өндірістік активтерді тікелей иелену және басқару жүзеге асырылады.

24 қазан, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.