Атырау, 21 қараша 21:11
 ашықВ Атырау +3
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Сирия мен Ирактың солтүстігінде 32 лаңкестік нысан жойылды

987 просмотра
Сурет : Official Website of the Turkish Air Force

Түркия ӘӘК Сирия мен Ирактың солтүстігінде «Күрд Жұмысшы партиясы» (КЖП) содырларының кемінде 32 лаңкестік нысанын және біраз содырларды жойды. Бұл туралы TRT Haber мемлекеттік арнасы Қорғаныс министрлігіндегі дереккөздерге сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сәрсенбі күні Анкараның Кахраманказан ауданында әскери ұшақтар мен ғарыштық жабдықтар шығаратын түрік TUSAŞ корпорациясы ғимаратының жанында жарылыс болды, артынан атыс естілді. Екі шабуылшы құқық қорғау органдары тарапынан жойылды. Анкараның Бас прокуратурасы терактіге қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Теракт құрбаны болған бес адам қаза тапты, тағы 22 адам жарақат алды.

Түркия билігі Анкарадағы терактіні, мүмкін, «Күрд Жұмысшы партиясының» (Түркияда тыйым салынған лаңкестік ұйым) мүшелері ұйымдастырған деп болжауда, деп хабарлады Түркияның ішкі істер министрі.

«23 қазанда ӘӘК операциясы жүргізіліп, лаңкестік ұйымдардың Сирия мен Ирактың солтүстігіндегі нысандарына соққы берілді. Бұл КЖП және халқымыз бен қауіпсіздік күштерімізге қауіп төндіретін басқа лаңкестік топтардың терактілерінің алдын алу мақсатында жасалды. 32 лаңкестік нысан жойылды, операция жалғасуда», – деп келтіреді арна Түркия Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесін.

1984 жылы Түркияда КЖП-мен қарулы қақтығыс басталып, 2015 жылы қайта жаңғырды. Ирактың солтүстігінде КЖП базалары орналасқан, оларға қарсы Түрік қарулы күштері әуе және жерүсті операцияларын жүргізіп келеді. Мосулдың солтүстік-шығысында орналасқан Зликан лагерінде түрік әскерлерінің болуы Бағдат пен Анкара арасындағы келіспеушілікке себеп болды, бірақ Түркия оларды КЖП-мен күрес қажеттілігімен ақтайды.

24 қазан, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.