Атырау, 24 қазан 15:23
 ашықВ Атырау +9
$ 486.65
€ 524.46
₽ 5.05

​Мемлекеттік қызметтің әдеп жөніндегі кеңесі Атырау облысының бірқатар шенеунігін жазалады

106 просмотра

Қала прокуратурасының ұсынуы негізінде Әдеп жөніндегі кеңесте Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары А.Алибаевқа қатысты кезекті отырыс қаралды.

А.Алибаев 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған азаматқа тракторшы-машинист куәлігін заңсыз бергені үшін Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі жаза қолдану ұсынылды.

Сол сияқты, өзге де тәртіптік істер бойынша яғни, Атырау ауылдық округінің әкімі Н.Халмурзинге, Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Жанқуатовқа, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы С.Ембергенге қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар білдірді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.