Атырау, 16 маусым 09:54
 дождьВ Атырау +22.1
$ 491.37
€ 570.48
₽ 6.78

Атырау облысында жел генераторы жанды

1 544 рет қаралды
Видеодан алынған скриншот

19 қазанда сағат 16.00 шамасында Мақат ауданы аумағындағы «Дивитэл» ЖШС-нің инвестициялық жобасымен салынып жатқан электр станциясының жел қондырғысының бірі жанған. 

- Күндіз қондырғыларды бірі  жанған, зардап шеккендер жоқ. Жалын тез өшірілді, - дейді Мақат ауданы әкімінің орынбасары Бекәділ ЖАЙКИН

Белгілі болғандай, жел электр стансасы Мақат пен Доссор кенті ортасында шамамен 18 км аумақты алып жатыр. Жалпы жобаның атауы – «Қуаттылығы 48 мегаваттық электр жел стансасы» . Жобаға салынған инвестиция құны - 23 млрд теңге. Станцияда 2 мегаваттық 24 жел генераторы орналасқан. 

ЖШС өкілі материалдық шығын келмегенін, жанған құрылғыны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 қазан 2024, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.