Атырау облыстық сотында облыстың судьялар корпусының 2024 жылдың 9 айындағы жұмысын қорытындылау бойынша кеңейтілген кеңес өтті, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Оның жұмысына облыстық сот төрағасы Мухтар Парменов, облыстық соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Соттар әкімшілігі департаментінің басшылығы, қалалық және аудандық соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.
Кеңес барысында сот алқалары төрағаларының 2024 жылдың 9 айының жұмыс қорытындысы бойынша баяндамалары тыңдалды.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Тәтті Уалиева соттарға түсіп, аяқталған қылмыстық істердің, бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғалар санының, сотқа дейінгі тергеп тексеру органдарының, прокуратураның әрекетіне жасалған шағымдарды қанағаттандыру санының, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер санының артқанын, сыбайлас жемқорлыққа қатысты істер санының, күзетпен ұстауды санкциялау санының азайғанын атап өтті.
2024 жылдың 9 айында облыс соттарымен 1 114 тұлғаға қатысты 941 іс қаралды, оның ішінде 785 тұлғаға қатысты 673 іс үкім шығарумен аяқталып, 774 тұлға сотталды, 11 тұлға ақталды. Медиатордың қатысуымен 9 қылмыстық іс қаралды (5,2%).
Апелляцияда 268 тұлғаға қатысты 216 іс қаралды. Облыс соттарымен 14 402 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Апелляциялық сатыда 304 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Медиацияны қолданумен 1 483 іс қаралды (66,6%).
Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мәтен Ерғазиев 2023 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда облыс соттарына келіп түскен талап қоюлар санының 1 764-ке артқанын атап өтті.
Облыс соттарымен 12 005 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 6 878 іс бойынша шешім шығарылған. Татуластыру рәсімдерімен аяқталған азаматтық істердің саны 1 614 істі құрады. Апелляциялық тәртіпте 1 051 іс қаралды. Азаматтық істер бойынша облыс соттарымен 94 жеке ұйғарым шығарылды.
Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Анаргүл Салихова әкімішілік әділет жұмысы туралы ақпарат беріп, әкімшілік істер бойынша талап арыздар санының 82 іске артқанын айтты.
Есепті кезеңде облыс соттарымен 749 әкімшілік іс қаралды, оның ішінде шешім шығарумен 273 іс қаралды. Қанағаттандырылғаны – 186 (68,1%). Апелляциялық алқамен 230 әкімішілік іс қаралды. Талап қоюшылармен 150 талап қою (17,1%) қайтарылып алынды. Татуластыру рәсімімен 80 әкімшілік іс қаралды (10,6%). Әкімшілік істерді қарау нәтижесі бойынша 17 ақшалай өндіріп алу қолданылып, 31 жекеше ұйғарым шығарылды.
Кеңес барысында аудандық және қалалық соттардың төрағаларының баяндамалары тыңдалды.
Жұмысты қорытындылай келе, облыстық сот төрағасы М.Парменов сот төрағаларына ескертулер бере отырып, судьялар корпусы алдына бірқатар басым міндеттерді белгіледі.
Алқа төрағалары мен судьялардың назарын сот төрелігін жүзеге асыру сапасына аудара отырып, істерді қарау мерзімдерін кешіктіруге жол бермеуді, татуластыру рәсімдерін арттыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және әдеп нормаларын сақтау қажеттілігін атап өтті.