Атырау, 31 желтоқсан 03:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.54
€ 546.47
₽ 4.99

Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы-алдын алу жұмыстары аяқталды

1 274 просмотра

Атырау мұнай өңдеу зауытында ЭЛТҚ-АВҚ-3, бензин мен дизель отынын гидротазарту құрамдастырылған қондырғысы, каталитикалық риформинг, күкірт өндіру, аралас күкірт өндіру, жеңіл газойльды гидротазарту, нафтаны селективті гидрогенизациялау және нафтаны гидротазарту қондырғылары белгіленген мерзімінен бұрын іске қосылды, деп хабарлайды АМӨЗ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта мұнайды бастапқы өңдеуге арналған ЭЛТҚ-АҚ-2 қондырғысында іске қосу-баптау жұмыстары, ал каталитикалық крекинг, сұйытылған көмірсутекті газдарды күкіртсіздендіру және бутендерді олигомеризациялау қондырыларында іске қосу алдындағы жұмыстар жүргізілуде. Жабдықтар кезегімен технологиялық режимге шығарылып, өндіріс көлемі біртіндеп ұлғайтылады. 

Бүгінгі таңда тауарлық дизель отыны жөнелтіліп, АИ-92 маркалы автобензині жөнелтуге дайындалуда.

23 қазан, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.