Атырау, 23 желтоқсан 14:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Маэстро, браво!

Сурет
1 512 просмотра

Атыраулық композитор Болат ҚОХАМАНОВТЫҢ әндерін орындаудан республикалық вокалистер байқауы аяқталды. Жерлесіміз «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері - Атырау өңірінің әнұранына айналған «Атырау-арман» әнінің авторы екені белгілі.

«Атырау – ардақты өлкем» деген атпен Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен гала-концертіне республиканың әр өңірінен 20 жуық вокалист қатысты. 

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені елордалық Айдын Жұмабаев жеңіп алса, бірінші орынды атыраулық Мержан Қабдолов, Индер ауданының өкілі Мұратбек Жұмашев екінші, Атырау қаласынан Гүлcаят Габдулова мен Кентау қаласынан келген Ерік Төленов жүлделі үшінші орынға ие болды. 

Сондай ақ, атыраулық Айбар Ғаниұлына «Жер-Ана» әні үшін «Үздік аранжировка» номинациясын, алматылық Досжан Үби мен ақтөбелік Ернар Дүйсеев «Арнайы сыйлық» номинациясын, Батыс Қазақстан облысының өкілі Полина Сармина Ренат Гайсиннің атынан арнайы «ҮМІТ» номинациясын иеленді. 

Марапаттау салтанатынан соң көрермендер байқау лауреаттары мен Сембек Жұмағалиев, Марат Сарбупеев, Марат Көккөзов, Еділжан Ғаббасов, Ренат Гайсин, Жанна Орынбасарова сынды мәдениет майталмандарының өнерін тамашалауға мүмкіндік алды. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

18 қазан, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.