Атырау, 26 қараша 00:53
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Банкке кіріптар болғаннан ажалды артық көрді ме?

2 113 просмотра

Атырау қаласында Алмагүл ықшамауданындағы 16 қабатты №23 үйде лифті шахтасына әйел құлағаннан кейін («Лифт шахтасындағы өлім» жарияланымын қараңыз) 10 күн өткеннен соң тағы бір қайғылы оқиға орын алды.

12 шілдеге қараған түні 1 сағат 50 минутта №23 үйдің 12-қабатындағы подъезд терезесінен 37 жастағы әйел адам секіріп кетіп, көз жұмды. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, әйел адам Атырауда Гурьевский көшесінің бойында тұрған екен. Бейресми ақпарат бойынша, өз-өзіне қол жұмсауына банктегі 2,5 миллион несиесін төлей алмағандығы себеп болуы мүмкін.

Бұл өз-өзіне қол жұмсап, Алмагүлдегі зәулім үйлерден секіріп кеткен алғашқы оқиға емес. 2011 жылдың мамырында 16 қабатты үйлердің бірінің шатырынан 17 жастағы қыз секіріп кеткен болатын.

11 шілде күні кешкісін Нұрсая ықшамауданында қайғылы жағдай болды: №63 үйдің 4-қабатының терезесінен москит торына сүйенген бір жасар ұл бала құлап кетіп, алынған жарақаттар салдарынан сол жерде көз жұмған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 шілде 2013, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.