Атырау, 23 желтоқсан 13:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Бүгін Атырауда түркітілдес халықтардың «Saz Perneli Saraishyq» ІІ Халықаралық музыкалық «Dombyra» фестивалі басталады

1 182 просмотра

Аймақта Халықаралық музыка фестивалін өткізу бойынша баспасөз конференциясы ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Конференцияға қатысқан спикерлер Халықаралық фестивальдің бағдарламасы, өту барысын талқыласа, ҚР халық әртісі Айгүл ҮЛКЕНБАЕВА шараның маңызына тоқталды.

- Фестивальді өткізудегі мақсат – өңіріміздегі күй өнерінің халықаралық музыка қауымдастығына интеграциялануына ықпал ету және қасиетті халық өнері арқылы түбі бір, тілі бір, діні бір түркі халықтарының ынтымақтастығын бекіту. Оның болашақ ұрпақ арасында кеңінен таралуын қамтамасыз ету біздің басты міндетіміз, - деді А.Үлкенбаева.

Қазақтың күй өнерін, оның ішінде Атыраудың күй мектебін әлем жұртшылығына паш етуге бағытталған шараға қырғыз, татар, өзбек, қарақалпақ елдерінен 29, республикадан 180-ге тарта өнерпаз қатысады, сонымен қатар өз елдерінің ұлттық шығармаларын орындайды.

Бұдан бөлек, іс-шарада ҚР Мәдениет қайраткері Құттыгерей Дүйсеев, «Құрмет» орденінің иегері Қайрат Какимов, Маңғыстау қаласынан жыршы Оспан Құлсымақ және Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің әншісі Берік Амантаев өнер көрсетеді.

Фестивальдың ашылуы бүгін, 26 қыркүйек сағат 20:00, Сұлтан Бейбарыс алаңы. 

26 қыркүйек, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.