Атырау, 23 желтоқсан 14:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қызылқоға ауданында аймақтық ақындар айтысы өтті

Сурет Бейнежазба
1 262 просмотра

Қызылқоға ауданының құрылғанына 80 жыл толуына орай аудан орталығы Миялы ауылында “Қызылқоға құт мекен” атты батыс аймақтық ақындар айтысы өтті. 

Додаға Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау қаласы мен аудандарынан  12 ақын қатысты. Айтыскерлерді сахнада жеребе  арқылы көрерменнің өзі жұптады. 

Айтысты ҚР мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын Шалқарбай ІЗБАСАРОВ жүргізіп, қазылар алқасына Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының төрағасы Мереке ҚҰЛКЕНОВ төрағалық етті. 

Ауданның мерейлі сәттері мен тарихи тұлғаларын сөз өрнегімен әсемдеп, тасқын кезінде бірлігін көрсеткен Милы халқының ұйымшылдығын да тілге тиек етті. 

Жыр додасында бас жүлдені (750 мың теңге) Ақтөбе облысынан келген Нұрбол ЖАУЫНБАЕВ иеленсе, бірінші орынды (500 мың теңге) атыраулық Өнербек ДӘУЛЕКЕНОВ, екінші орынды (400 мың теңге) қызылқоғалық Батыржан КӘДІРБАЙ, үшінші орында қызылордалық Бексұлтан ОРЫНБАСАР мен БҚО келген Талғат МЫҚИ (әрқайсысы 250 мың теңге) иеленді. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

 

26 қыркүйек, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.