Атырау, 28 қыркүйек 05:24
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

​Атырауда Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен «ӘН-АҒА» атты концерт өтті​

Сурет
449 просмотра

Облыстық халық шығармашылығы орталығында Н.Жантөрин атындағы филармонияның ұйымдастыруымен көрнекті композитор, Қазақстанның Еңбек Ері Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен «ӘН-АҒА» атты концерт өтті, деп хабарлайды Атырау облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.

Кеште Қ.Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Ш.Қалдаяқовтың халықпен біте қайнасып кеткен «Қайықта», «Ақмаңдайлым», «Сүйген болсаң сағынарсың», сияқты авторлық туындылары және композитордың өміріне арнап жазылған Е.Үсеновтің «Шәмші-дастан» шығармасы орындалды. Кеште филармония солистері де өнер көрсетті. 

Оркестрдің тізгінін ұстаған қос маэстро – көркемдік жетекші әрі бас дирижер, Мәдениет саласының үздігі Ержан ҚИТАРОВ және дирижер, Мәдениет саласының үздігі Сая ЖҰМАШЕВА болды.

26 қыркүйек, 08:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.