Атырау, 23 қыркүйек 17:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Индерде облыстық ақындар айтысы өтті

93 просмотра

Индер ауданында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Индер ауданының Құрметті азаматы, ақын Жылқышиев Қойшығұл Өмірұлын еске алуға арналған «Тарпаң тағдырлы тұлға» атты облыстық ақындар айтысы өтті.

Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер халықаралық Одағының Атырау облысы филиалының төрағасы, белгілі айтыскер ақын Шалқарбай Ізбасаров жүргізген дүбірлі додада облыстан 16 ақын өнер көрсетіп, аудан жұртына рухани кеш сыйлады. 

4 айналымнан тұрған айтыстың бір ерекшелігі жүлделі орынға ие болған 4 ақын қараша айында Атырау қаласында өтетін республикалық айтысқа жолдама алады.

Жыр аламанында атыраулық Серікбол Панабердиев бас жүлдені (500 мың теңге) қанжығасына байласа, қызылқоғалық Батыржан Кәдірбай 1 орынды (400 мың теңге) жеңіп алды. Ал, индерлік Жәнібек Садыров екінші орынға (300 мың теңге), Қызылқоға ауданынан келген Салауат Кәрімұлы үшінші орынға ие болып (200 мың теңге), төртеуі де республикалық айтысқа жолдама алды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Бүгін, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.