Қытайдың бұрынғы темір жол министрі Лю Чжицзюнь өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды ВВС қытай мемлекеттік жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап. Экс-министрге сыбайлас жемқорлық және билікті асыра пайдаланған деген айып тағылған.
Өткен жылы Лю Чжицзюнь өз қызметінен алынып, Қытай Коммунистік партиясы құрамынан да шығарылған болатын. Министр болып істегенде ол аса ірі көлемде пара алып, өзінің таныстарына тиімді келісімшарттарды беріп отырыпты.
Лю Чжицзюнь 2011 жылы Қытайда 40 адамның өліміне әкеп соққан пойыздардың қақтығысуынан кейін қатаң сынға алынды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
В Атырау +4