7 шілдеде сағат 23.30-да қала шетіндегі Бірлік поселкесінің маңында бортты «Газель» көлігінің жүргізушісі теміржол тармағын рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған.
Нәтижесінде жүк көлігі қалаға жақындап қалған «Алматы - Атырау» бағытындағы пойызға килікті. Мас күйдегі «Газельдің» 44 жастағы жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Көлік қайта жөндеуге жарамды. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, оқиға салдарынан Атырау қаласының вокзалына пойыздың келу уақыты 45 минутқа кешіккен.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ