Атырау, 23 желтоқсан 13:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атыраулық шеберлер елордадағы этноауылды таң қалдыруда

Сурет
1 601 просмотра

V дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрының өнер ұжымы Астанаға арнайы келді.

Елорда төрінде жасақталған этноауылда атыраулық театр қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптейтін көріністер қойса, шеберлер қолөнер бұйымдарын көпшілікке ұсынуда. 

"Еліміздің батыс өлкесінде сақталған көрісу, өскелең ұрпаққа бата беру сынды дәстүрлерімізді көпшілікке насихаттаудамыз. Этноауылға келушілер арасында астаналықтар, еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар және шетелдік туристер бар", - дейді  Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрының директоры Сағынтай Көпжасаров.

Алаша тоқумен айналысатын атыраулық шебер Ғалия Рысқалиева, этноауылға келген туристерді қолөнер бұйымдарымен тәнті етуде. 

Ол ұмыт болып бара жатқан ұлттық өнермен 12 жасынан бастап айналысып, насихаттап жүргеніне елу жылға жуық уақыт болған. 

- Қазақтың ұлттық мұрасына, әсіресе, шетелдіктер көп қызығушылық танытуда, - дейді ол. 

Еске салайық, бұған дейін этноауылға Атырау облыстық тарихи өлкетану музейі 200-ден астам экспонат, қолөнершілер таңдаулы бұйымдарын әкелгенін жазған болатынбыз.

11 қыркүйек күні этноауылда Атырау облысының өнерпаздары ақындар айтысын, концерттік бағдарламаларын ұсынады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

11 қыркүйек, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.