Атырау, 23 желтоқсан 13:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Астанадан этноауылға Атыраудан 200-ден астам экспонат әкелінді

Сурет Бейнежазба
1 016 просмотра

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Астанада 7 қыркүйекте этноауыл жұмысын бастады.

7 - 13 қыркүйек аралығында Атырау тарихи өлкетану музейі мұнайлы өлкеден арнайы алып келген 200-ден астам  археологиялық, этнографиялық экспонаттарды этноауылға келуші қазақстандық және шет елдік қонақтарға таныстырады. 

"Құнды экспонаттардың ішінде теңдесі жоқ сармадтар көсемі - алтын адам, Миялы қорғанынан табылған күміс әшекейлі ханшайым экспозициясы бар. Ортағасырлық Сарайшық қаласынан табылған құнды жәдігерлердің түпнұсқасы әкелініп отыр" дейді Атырау  тарихи өлкетану музейінің экскурсиялық бұқаралық жұмыс бөлімінің экскурсия жетекшісі Ғалия НАЗАРБЕКОВА.

Қазақ халқының, соның ішінде Атырау өңірінің бай тарихымен, мәдениетімен таныстыратын көрме осылайша, Ү Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының құндылығы ерекше бөлігі болып отыр.


Еске сала кетелік, Астана төрінде жұмысын бастаған этноауылға Атырау облысның Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, қолөнершілер келіп отыр.

8 қыркүйек, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.