Атырау, 11 қазан 07:07
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Дәретхана бейнекамерасы туралы істі Атырау облысының білім басқармасы зерделейді

998 просмотра

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылындағы Еркінов атындағы мектеп оқушыларының ата-аналарын таң қалдырған жағдай анықталды: ерлер әжетханасына бейнекамера орнатылған.

Ұлдардың ата-аналары бұл жаңалықты жеке өмір құқығына қол сұғу деп бағалады, бірақ мектеп директоры Тәттігүл ҚАЛИЕВА әлеуметтік желі қолданушылары мен ата-аналарына жауап беруге асықты:

"Мүліктің бірнеше рет бүлінуіне, сондай-ақ орта мектептің дәретханасында орын алған ұсақ бұзақылық фактілеріне байланысты Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектепте қолжуғыштарға бағытталған бейнекамераны орнату қажеттілігі туындады. Бұл ретте ешкімнің құқығы бұзылған жоқ. Орнату туралы шешім мектеп әкімшілігімен және қамқоршылар кеңесінің басшысымен бірлесіп қабылданды. Шара тәртіпті сақтау және одан әрі бұзақылық фактілерінің алдын - алу мақсатында қабылданды. Камераның жазбасын тексеру тек менің құзіретімде", - деді мектеп директоры.

Алайда Атырау облысының білім беру басқармасы камераны алып тастау туралы шешім қабылдады. Басқарма жанынан осы фактіні зерделеумен айналысатын комиссия құрылды. 

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Әлеуметтік желідегі суреттер

7 қыркүйек, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.