Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Пушкин атындағы мектеп-лицей оқушылары ата-аналарының шағымы анықталды: көп жылдан бері күйі кеткен спорт алаңында балалардың аяғын сындырып алу қаупі бар.
Атырау қалалық білім бөлімі әлеуметтік желідегі жазбаға жалғанған фотосуреттерге қатысты жауап берген. Тек №20 мектептің алаңы ғана емес, қаладағы басқа да 26 мемлекеттік оқу орнының спорт алаңдары осындай жағдайда екен.
«2019 жылы қалалық құрылыс бөлімі қаладағы 27 мектепте спорт алаңдарының құрылысын бастады. Құрылыстың бас мердігері «Фирма Лан» ЖШС. Алайда бүгінге дейін спорт алаңдарының құрылысы ақыры аяқталмады. Бұл нысандар қалалық құрылыс бөлімінің балансында», - деп жауап берді қалалық білім бөлімі.
Естеріңізге сала кетейік, «АЖ» осыдан алты жыл бұрын басталып, әлі аяқталмаған, құны миллиард теңге болатын спорт алаңдарын салу мәселесін бірнеше рет көтерген болатын.
2018 жылдың күзінде облыс орталығындағы 25 мектептің аумағына спорт алаңдарын салуға бюджеттен 1,3 миллиард теңге бөлінгені белгілі. Кейінгі екі жылда мердігер компания – алматылық «Фирма Лан» ЖШС жұмыстың 60 пайызын ғана орындады. Жылдар өткеннен кейін олар жасаған барлық нәрселер қайтадан ауыстыруды қажет етіп отыр. Оның үстіне, қалалық бөлімнің жауабына қарағанда, бұған шұғыл жөндеуді қажет ететін тағы екі мектеп алаңы қосылған секілді.
Мердігер 645 миллион теңгені игеріп, осымен жұмыс аяқталған. Компанияны міндеттемелерін орындамағаны үшін сотқа берген, бірақ ЖШС, жосықсыз болғанына қарамастан, қарсы талап арыз беріп, соттың екі инстанциясы оның талап арызын қанағаттандырған. Сот әкімдіктің мердігерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және тұрақсыздың айыбын өндіру туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартқан. Ал құқыққорғау органдары басталған тергеу жұмыстарын «қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты» деген тұжырыммен тоқтатқан.
Бұл хикаяның жалғасып келе жатқанына алты жылдай уақыт болды. Суға салса байтпайтын «Лан» балалардың дене шынықтыру сабағы үшін дұрыс жағдай жасауға күшін салуға уәде бергенімен, ақыры жасамады.
Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сүйенсек, ЖШС басшысы Айдос ТОЙШЫБЕКОВ екен. Фирма Алматыда тіркелген. Азаматтың кем дегенде тағы бес фирмасы бар, олар да Алматыда: «Оптово-промышленный холдинг» ЖШС, «ДорСтройТорг» ЖШС, «Бензол» ЖШС, «CompostInvestroinVest» ЖШС және «LomInvest» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарымен және ауқымды ассортимент бойынша көтерме саудамен айналысады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Әлеуметтік желідегі суреттер