Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Биыл мереке 8 қыркүйекке тұспа-тұс келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осыған байланысты 2-8 қыркүйек аралығында іс-шаралар кешенін өткізу көзделген:
- 2 қыркүйек – «Отбасылық дәстүрлер: тарихымызды сақтаймыз, болашақты құрамыз»;
- 3 қыркүйек – «Отбасын жоспарлау»;
- 4 қыркүйек – «Саналы түрде ата-ана болу»;
- 5 қыркүйек – «Дені сау ұрпақ»;
- 6 қыркүйек – «Мықты отбасы - мықты мемлекеттің кепілі»;
- 7 қыркүйек – «Отбасылық әл-ауқат»;
- 8 қыркүйек – «Отбасылық демалыс: бақытты болашаққа инвестиция».
«Орталық деңгейде үлгілі отбасылардың жаңа моделін қалыптастыру, сондай-ақ Астана қаласында Отбасы және неке институтын нығайту мақсатында осы жылдың 6 қыркүйегінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарының қатысуымен «Отбасы - Отанымыздың асыл діңгегі» телемарафоны өткізіледі», - деді ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
3 қыркүйек 2024, 13:33