Атырау, 18 шілде 03:48
 дождьВ Атырау +22.5
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97

​Террористік әрекеттері үшін күдікті ретінде қазақстандықтар мен шетелдік ұсталды​

Бейнежазба
773 рет қаралды

Тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Алматы қаласында, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып табылатын Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдік ұсталды. Олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер және басқа да жолдармен таратты деп күдіктелуде. 
Заттай дәлелдемелер табылды және алынды, оның ішінде 3 ұрыс гранатасы бар. 

Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталған. 

Ұсталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


3 қыркүйек 2024, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.