Атырау, 31 қазан 11:02
 дождьВ Атырау +3.8
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

​Алматы полициясы кәмелетке толмағандарды саудаға салу фактісін тоқтатты

669 рет қаралды
Сурет: polisia.kz

Алматы полициясы кәмелетке толмағандарды саудаға салу фактісін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алматы облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағандардың заңсыз саудасына күдікті қылмыстық топтың қызметін сәтті тоқтатты. 

– 25 тамызда әлеуметтік желідегі “surak.baribar” парақшасында кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесеміз деген қылмыстық топтың әрекеті туралы жедел ақпарат түсті. 28 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы 38 жастағы күдікті анықталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов. 

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

3 қыркүйек 2024, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.