Атырау, 20 қыркүйек 06:10
 ашықВ Атырау +19
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Үш күнде 40-қа жуық жол ережесін бұзған: Оралда полиция ЖҚЕ бұзған көлік жүргізушісін ұстады

327 просмотра
Видеодан жасалған скриншот

Батыс Қазақстан облысы аумағында жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында "SuncarSmartQorgau" жүйесі кеңінен қолданылады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Оның көмегімен Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмірі көрсетілген Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі анықталып, ұсталды. Ол үш күнде 39 рет жылдамдық режимін арттырған. Айыппұлдың жалпы сомасы — 1 млн теңге.

Көлік арнайы автотұраққа қойылды.

Айта кетейік, тексеру кезінде көліктің техникалық талаптарға сай емес екені және өзге де жол ережесін бұзу фактілері анықталды.


3 қыркүйек, 08:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.