Атырау, 20 қыркүйек 05:37
 ашықВ Атырау +19
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Сарбаздың қауіпсіздігі үшін армия басшылығы тікелей жауапты

347 просмотра

Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Сарбаздың қауіпсіздігі үшін армия басшылығы тікелей жауапты, деді президент Қазақстан халқына жолдауында, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет.
Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты», - деді Тоқаев.
2 қыркүйек, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.