Атырау, 20 қыркүйек 06:08
 ашықВ Атырау +19
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстан халқының саны неше адамға жетті

396 просмотра

1 тамыздағы есеп бойынша, Қазақстанда 20 182 003адам тұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жыл басында Қазақстанда 20 033 842 адам тұрды. Осылайша, сегіз айда қазақстандықтардың саны 148 мыңнан астам адамға артты.

Еліміздің ең тығыз қоныстанған өңірлердің бестігі:

  • Алматы (2 264 499 адам)
  • Түркістан облысы (2 151 923 адам)
  • Алматы облысы (1 547 228 адам)
  • Астана (1 481 402 адам) 
  • Шымкент (1 241 809 адам) 

Сондай-ақ, Жамбыл (1 223 625 адам) және Қарағанды (1 134 588 адам) облыстарында миллионнан астам адам тұрады.

Қазақстандықтардың басым бөлігі (12 656 167 адам) қалаларда тұрады. Қалған 7 525 836 отандасымыз – ауыл тұрғындары.

2 қыркүйек, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.