Атырау, 20 қыркүйек 04:48
 ашықВ Атырау +19
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Жамбыл облысында ауыр қылмыс жасады деген күдікті іздестіріліп жатыр

345 просмотра
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысының полиция департаменті ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 1991 жылы туған Мақсат Жасаулеұлы Мұхановты іздеуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тaraz_life парақшасында күдіктінің негізгі белгілері жарияланды: бойы 168-170 сантиметр, тығыз дене бітімі, қара шашы, беті сопақша, құлағы іргелес, мұрны түзу, ерні толық. Ол трикотаж және қоңыр түсті футболка, қара түсті кроссовка киген.

 Полиция ер адамның жанында пышақ болуы мүмкін екенін ескертті.

«Сондықтан абай болу керек. Күдіктіні көргендердің барлығынан телефон арқылы хабарлау сұралады: 8 (7262) 90 70 10, 99 72 50, 8 (72636) 99 70 42, 8 707 272 09 49 немесе 102 телефоны бойынша. Анонимділік пен сыйақыға кепілдік беріледі», - делінген хабарландыруда.
2 қыркүйек, 08:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.