Атырау, 20 қыркүйек 05:34
 ашықВ Атырау +19
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

​БҚО-да мекеме қызметкері сотталды

1 037 просмотра

Бас прокуратураның тапсырмасын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды жақсартудың 2023-2025 жылдарға арналған жол картасын іске асыру шеңберінде қылмыстық-атқару жүйесінде тәртіпті қалпына келтіру бойынша мақсатты іс-шаралар жүргізуде.

Арнайы іс-шаралар материалдары негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. 

Жүргізілген іс-шаралар барысында делдал арқылы 15 мың теңге көлемінде кезекті пара алу және 3 ұялы телефонды алып кіргені үшін мекеменің режимдік бөлімі бастығының м.а. қылмыс үстінде ұсталды.

Бұған қоса, мекеме қызметкерінің тыйым салынған марихуана заттарын әкелу фактілері анықталды.

Іс бойынша жауап алынған күдікті мекеме қызметкері кінәсін мойындады.

Орал қалалық сотының 16.07.2024 жылғы үкімімен мекеме қызметкері Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі бойынша пара сомасының отыз еселенген мөлшерінде, яғни 450 мың теңге айыппұл салумен сотталды. 

Осы үкіммен тағы 2 адамға қатысты түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.      
Үкім заңды күшіне енді.

29 тамыз, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.