Атырау, 10 қараша 09:58
 бұлттыВ Атырау +7
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Маңғыстау облысындағы балабақшаларға 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды

507 просмотра

Маңғыстау облысы прокуратура органдарымен өңірдегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тексеріліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Нәтижесінде санитарлық нормалар, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, білім беру және медициналық қызмет салаларында бұзушылықтар анықталды.

Қазіргі уақытта 600-ге жуық әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

«Тексеру нәтижесімен 15 бала бақшадан (3 мемлекеттік, 12 жеке меншік бала бақша) 72,2 млн теңгеге мемлекетке залал келтіру дерегі анықталды.
Атап айтқанда, 12 жеке меншік бала бақшада қатыспаған балалар үшін негізсіз мемлекеттен 47 млн теңге көлемінде қаражат алған.
Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес  сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бұдан бөлек, 3 мемлекеттік бала бақшаның есепшілерімен 25 млн теңгеге қаражатты жымқыру дерегі анықталып, ҚК-тің 189-бабымен (жымқыру) 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - делінген хабрламада.
28 тамыз, 13:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.