Атырау, 18 шілде 05:00
 дождьВ Атырау +22.5
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97

Қырғызстанға 8 тонна балықты заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

973 рет қаралды
Фото: freepik.com

Жамбыл облысы Қордай ауданында орналасқан «Қордай» ветеринариялық бақылау пунктінде Қырғыз республикасына балық өнімдерін заңсыз өткізу әрекеті анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Пункттің ветеринариялық-санитариялық инспекторы жүргізген тексеру барысында екі автомобиль тасымалданатын өнімге тиісті ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз 8 тонна балық өнімін тасымалдағаны анықталды.

Автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынып, жүк қайтарылды.

27 тамыз 2024, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.