Атырау, 13 қыркүйек 23:21
 ашықВ Атырау +21
$ 477.13
€ 525.85
₽ 5.24

Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан моральдық шығын өндіріп алмақ

360 просмотра
Фото: Жоғарғы сот

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасын өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтан моральдық шығын талап етіп, азаматтық істер жөніндегі сотқа арыз түсірген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сот кабинетінде көзімізге түскен құжатқа сенсек, іс 2024 жылдың 2 тамызында басталған. Яғни, Айтбек Амангелді сол күні арыз берген болуы мүмкін. Істі судья Досжан Жұмабаев қарайды. 

Моральдық шығынға қатысты бірінші сот отырысы 2024 жылдың 3 қыркүйегі күні сағат 11.00 белгіленген.

Айта кетейік, Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаев қарындасын өлтірген кезде одан моральдық шығын керек емес екенін және басты мақсаты қарындасын өлтірген адамды ең ауыр жазаға кестіру болғанын айтқан. 

Қуандық Бишімбаев 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы Гастроорталықта әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. 11 қарашада 2 айға қамалғаны белгілі болды. Бір күннен кейін Гастроорталықтың директоры Бақытжан Байжанов та ұсталды. Нүкенованың туыстары қылмыстық іс қозғалғалы бері желіде бұрмаланған ақпараттар тарап жатқанын айтып, әділдікті талап етті.

Бишімбаев 2024 жылдың 13 мамыры күні 24 жылға сотталды. 


27 тамыз, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.