Атырау, 20 қыркүйек 06:34
 ашықВ Атырау +19
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Мектепке дейінгі жастағы балалардың «даму картасы» енгізілді

313 просмотра
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі жастағы балалардың даму картасын автоматтандырды. Бұл карта балалардың дамуын бақылауға және олардың бойында дағдылардың қаншалықты қалыптасқанын бағалауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры атап өткендей, бұл карта бастауыш сынып педагогтері үшін балалардың мектеп бағдарламасын одан әрі меңгеруінде маңызды құрал болмақ. Карта цифрлық форматқа ауыстырылып, Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграцияланған, бұл мектептерге ақпаратты беруде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

«Мектепке дейінгі жастағы балалардың даму картасы бізге әр баланың қажеттіліктерін тереңірек түсінуге және оны мектепте сәтті білім алуға дайындауға мүмкіндік береді. Картада дамудың барлық маңызды аспектілері көрсетілген: физикалық жағдайы, типтік оқу бағдарламасын меңгеру барысында қалыптасатын коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық, зерттеушілік және әлеуметтік-эмоционалдық дағдылары. Мұндай жүйелі тәсіл сапалы білім беруді қамтамасыз етеді және балалардың бастауыш мектепте сәтті бейімделуіне ықпал етеді», - деді Манар Адамова.

Айта кетейік, елімізде 2-6 жас аралығындағы шамамен 1 млн баланы қамтитын 11,5 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.

26 тамыз, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.