Атырау, 20 қыркүйек 07:36
 ашықВ Атырау +24
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Қосшы жастары нашақорлыққа қарсы: қалада есірткіні насихаттайтын жазулар жойылды

290 просмотра
Фото: Қосшы қаласының әкімдігі

Жуырда Қосшыда «Нашақорлыққа жол жоқ» пилоттық жобасы негізінде рейдтік іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шараға Қосшы қаласы прокуратурасының қызметкерлері, қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторларымен, сондай-ақ Қосшы қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері қатысты.

Аталған шараның мақсаты есірткі заттарын насихаттайтын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы граффити-жазуларды, есірткі сайттарының жасырын жарнамасы бар штрих-кодтарды жою.

Рейдтік жұмыстар жүргізу кезінде адамдар көп жиналатын жерлерде, атап айтқанда, тұрғын үйлердің қабырғаларында, кіреберіс бөлмелерде және бағаналарда телеграм арнасының жеделхаттарына сілтеме жасалған 12 жазу анықталды.

Анықталған жазулар бүріккіш құтылармен бояу арқылы жойылып, Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы, 2-бөлігі, 4-тармағы бойынша Қосшы қаласы полиция бөлімінде тіркелді.

Сондай-ақ есірткімен күрес бағытында бейнеролик әзірленіп, электр энергиясын нормадан жоғары тұтынатын күмәнді абоненттер тексерілді.

«Жалпы Қосшы қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың назарына әлеуметтік ролик ұсынылып, нашақорлық, есірткі, психотроптық дәрі-дәрмектердің зияны туралы ақпарат беріліп, дөңгелек үстел, семинар, тәрбие сағаттары жиі ұйымдастырылып отырады. Нашақорлық туралы қаншама айтылып, көрсетіліп жүрсе де, оның азаймай отырғаны рас. Сондықтан бұл ғасыр дертімен жалғыз емес, ел болып, халық болып біріге күрессек ғана оның алдын ала аламыз», - дейді Қосшы қаласының Жастар ресурстық орталығының жастармен жұмыс маманы Гүльфайруз Жамантай.
26 тамыз, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.