Атырау, 20 қыркүйек 07:38
 ашықВ Атырау +24
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Бүгін кей өңірде найзағай ойнап, дауыл тұруы ықтимал

279 просмотра
Фото: freepik.com

Бүгін еліміздің батыс аймағында өрт қаупі сақталады. Ал орталық, солтүстік және шығыс Қазақстанда күн бұлттанып, найзағай ойнауы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облысы

26-28 тамызда Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 26-28 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 26 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысы

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Көкшетау қ.:26 тамызда тұман күтіледі.

Алматы облысы

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қонаев қ.: 26 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 26 тамызда жоғары өрт қауіпі өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысы

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 26 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Астана

Астана қ.:26 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Ұлытау облысы

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысы

Таңертең және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысы

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 26 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с Түркістан қ.: 26 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысы

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.

Жетісу облысы

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

26 тамыз, 08:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.