24 тамызда сағат 07:03 шамасында суға батып кеткен 2010 ж.т. жасөспірімнің денесі оқиға орнынан 12 км қашықтықта құтқарушылардың күшімен судан шығарылды, деп хабарлайды облыстық ТЖД.
- Іздестіру жұмыстарына ТЖД 10 жеке құрамы, 5 жүзу құралы, 1 бірлік техника жұмылдырылды.
Облыстық ТЖД қайғылы оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысының аумағында шомылу маусымы биыл әлі ресми түрде ашылмағанын хабарлайды.
Құтқарушылар рұқсат етілмеген жерлерде шомылу қауіпті, соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Облыстың тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға және суға шомылудан бас тартуға шақырады.
Еске салсақ, 22 тамызда Атыраудағы Ақжар ауылында жасөспірімнің суға батып кеткені белгілі болды.