Атырау, 3 қараша 11:09
 дождьВ Атырау +6.7
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59

АҚШ, Ресей және Украина: Абу-Дабиде тарихи кездесуге дайындық

80 рет қаралды
Фото: Evelyn Hockstein/AFP
Фото: Evelyn Hockstein/AFP

10–11 қарашада Абу-Дабиде Ресей, Украина және АҚШ өкілдері арасында келіссөздер өтеді. Бұл туралы АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф X әлеуметтік желісінде хабарлады, деп жазады BBC.

Оның айтуынша, алдағы кездесу соғыстан кейінгі қауіпсіздік шараларына, шиеленісті бәсеңдетуге, гуманитарлық мәселелерге және қақтығысты реттеу жөніндегі одан арғы қадамдарға арналады.

БАӘ-де өтетін кездесуге дейін америкалық делегация Еуропадағы одақтастарымен консультациялар өткізеді.

«Осы аптада америкалық келіссөз жүргізушілер Брюссельде Франция, Германия, Ұлыбритания, ЕО және НАТО өкілдерімен кездеседі. Күн тәртібінде Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктері, Еуропаның болашақ қауіпсіздік архитектурасы, сондай-ақ елді қалпына келтірудің экономикалық тетіктері болады», — деп нақтылады Уиткофф.

Дональд Трамптың арнайы өкілі Киевте, Ослода және Санкт-Петербургте өткен алдыңғы кездесулерде қол жеткізілген прогресті нығайтып, «жан-жақты әрі берік бейбіт келісімге» қол жеткізуге үміт білдірді.

Еске салайық, қазан айында Стив Уиткофф бірқатар аралық кездесу өткізді. Алдымен ол Ослода Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөз жүргізіп, кейін Санкт-Петербургке барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.

Ресей, Украина және АҚШ арасындағы үшжақты келіссөздердің алдыңғы раунды биыл ақпан айында өткен болатын.

Бүгін, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.