Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресейлік серіктестермен өзара әрекеттесе отырып, «Солтүстік бағыт» деп аталатын ауған есірткі контрабандасы арнасын жойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылдың тамызындағы операция қорытындысы бойынша Ресейдің шекаралас ауданының бірінде есірткі саудасын жүргізу кезінде халықаралық есірткі тобының екі қатысушысы ұсталды. Тінту барысында олардан «қара» нарықтағы құны шамамен 500 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін 50 кг-ға жуық гашиш алынды», - деп хабарлады ҰҚК.
Осы факті бойынша тергеу жүргізілуде.
23 тамыз 2024, 10:05