Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Антикор баспасөз қызметі.
Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деп күдіктенеді. Залал сомасы 65 млн теңгеден асады.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
ҚазГӨЗ ресми сайтында зауыт директоры 2023 жылдың ақпанында тағайындалған Болат Байшуақов деп көрсетілген.