Атырау, 20 қыркүйек 08:38
 ашықВ Атырау +24
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Тәжікстан элитасы Тоқаевты 21 рет оқ атып қарсы алды

604 просмотра
Фото: Ақорда

Душанбеге мемлекеттік сапармен келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Қасри Миллат» сарайында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қарсы алды, деп  хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, ресми шара кезінде Тоқаевтың құрметіне зеңбіректен 21 рет оқ атылған.

«Мұнан соң Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Тәжікстанның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды», - деп жазады Ақорда.

Салтанатты қабылдау шарасынан кейін Тоқаев пен Рахмон Ақ залға өтіп, шағын құрамда келіссөз жүргізген. 

22 тамыз, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.