Атырау, 20 қыркүйек 08:55
 ашықВ Атырау +24
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Телефон арқылы сауалнамаға қатысқан 1 200 қазақстандықтың тең жартысы АЭС-ті қолдаған

581 просмотра
Фото: freepik.com

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысымен 7-18 тамыз аралығында АЭС құрылысына қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Телефон арқылы жүргізілген сауалнамаға 17 облыстан және Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 1200 респондент қатысты.

«Жалпы, сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі – 53,1 пайызы АЭС салу идеясын қолдайды. АЭС салу идеясын қолдайтындар оған үлкен үміт артады, олар 2030 жылға қарай электр тапшылығы мәселесі шішіледі деп сенеді. Ал АЭС-ке қарсы болғандар (32,5%) негізінен ықтимал апаттар мен олардың қоршаған ортаға тигізетін зардаптарына алаңдаушылық танытады.Сонымен қатар әрбір оныншы респондент (14,4%) өз таңдауын әлі жасаған жоқ», - делінген ҚСЗИ жүргізген сауалнама нәтижесінде.

Сондай-ақ, респонденттердің жартысы (51,0%) референдумда «қолдаймын» немесе «қарсымын» деп дауыс беру үшін АЭС жайлы бүкіл ақпаратты білемін деп санайды. Тағы 12,2%-ы АЭС-тен хабары шамалы екенін жасырмады.  Ал сауалнамаға қатысқандардың 31,6%-ы мүлдем ештеңе білмейтінін алға тартса, 5,2 пайызына жауап беру қиынға соққан.

Сауалнама барысында респонденттердің 42,6 пайызы АЭС мәселесі бойынша референдумға қатысуға ниет білдірді. Тағы 16,4%-ы қатысуы мүмкін екенін айтты. Респонденттердің 25,3%-ы референдумға қатысуды жоспарлап отырған жоқ, 8,9%-ы шамасы қатыспайды, ал 6,8%-ы жауап беруге қиналды.

22 тамыз, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.