Атырау, 20 қыркүйек 08:54
 ашықВ Атырау +24
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Президент Жолдауын іске асыру: 3 жылда 2 069 ауыл әкімі тікелей сайланды

253 просмотра
Фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметі аймақтардың дербестігін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды шараларды қолға алды. Бұл - жергілікті билік органдарына бюджетті жоспарлау, инфрақұрылымдық жобаларды басқару және әлеуметтік қолдау бағдарламаларын іске асыруда үлкен өкілеттіктерді беру, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өңірлерді дамыту тұжырымдамасы бойынша, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу және облыстардағы аудан әкімдерінің тікелей сайлауы өтті.

Сайлау әкімдердің өкілеттік мерзімінің аяқталуына қарай кезең-кезеңімен өткізіледі. 2021 жылдың шілдесі мен 2024 жылдың наурызы аралығында ауылдық округтерде 2 069 әкім сайланды.

Пилоттық режимде 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау өтті.

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ауылдық округтердің дербестігі үшін бюджеттің IV деңгейіне салықтар мен төлемдердің 25 түрі, оның ішінде 8 салық және 17 салықтық емес төлемдер берілді. Оның ішінде, 2022 жылы бюджеттің төртінші деңгейіне 4 төлем бойынша түсімдер берілді, 2022-2023 жж. қорытындысы бойынша олардың түсімдері 15,9 млрд теңгені құрады», - деп жазды Үкіметтің баспасөз қызметі.
22 тамыз, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.