Атырау, 20 қыркүйек 08:42
 ашықВ Атырау +24
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Атырауда филармония мен "Дина" оркестрінің басшылары ауысты

773 просмотра

Кеше Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов  "Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі” ұжымына жаңа басшыны таныстырды. 

Оркестрдің басшы болып Сүйекбаев Хамил Қосшығалиұлы тағайындалды. 
Хамил Сүйекбаев 1985 жылы Атырау облысы Махамбет ауданы, Алға ауылында дүниеге келген. 2007 жылы  Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетін аяқтады. 2010 жылы Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның әншісі болып қызметке қабылданып, кейін көркемдік жетекші, басшының орынбасары болып 2020 жылдан бастап басшылық қызмет атқарды.

Сонымен қатар басқарма басшысы 21 тамыздан бастап "Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы" КМҚК басшысы ретінде Сартбаев Бақытбек Мырзағалиұлын тағайындады.

Бақытбек Мырзағалиұлы 1985 жылы 4 маусымда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында дүниеге келген. 

Еңбек жолын 2005 жылы «Мақатмұнайгаз» басқармасының мәдени іс-шаралар ұйымдастырушысы болып бастады. 
2008 жылы Мақат аудандық мәдениет үйіне әдіскер; 2015 жылы Атырау облыстық халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы басшысының орынбасары, 2017-2023 жыллары осы ұжымның басшысы; 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің басшысы болды. “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталған.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

22 тамыз, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.