Атырау, 23 қараша 12:21
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өр суынан бүлінген «Атырау - Индер» тас жолы жөнделуде

Бейнежазба
463 просмотра

Жөндеу жұмыстары барысында су басқан учаскелерге қосымша су өткізгіш құбырлар салынады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

-Облыстық маңызы бар Атырау-Индер автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу жоқ. Тас жолдың жүруге жарамсыз аумағына айналма жол салынған.  Қазір  44 шақырым болатын  жол жиегі мен 3 шақырым жол жабындысы қалыпқа келтіріліп жатыр. Бұл аумаққа 17 техника мен 24 жұмысшы жұмылдырылды. Аталған жұмыстарды «Атырау жолдары», «Қазақдорстрой» ЖШС-гі жүргізуде, - деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы  Нұралы Әбишан. 

Анықтама үшін: Ойыл,  Жем, Жайық өзендерінің тасуы салдарынан  Қызылқоға, Жылыой, Индер, Махамбет аудандарындары және Атырау қаласында барлығы  25,4 шақырым жол мен 6 көпір бүлінді. Оларды қалыпқа келтіру жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

21 тамыз, 13:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.