Атырау, 20 қыркүйек 08:46
 ашықВ Атырау +24
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Елордада 280 инвестордың құқығы қорғалды

251 просмотра
Фото: Астана прокуратурасы

«Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» шеңберінде елорда прокуратурасы инвесторларға қатысты заңсыз бұзу фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мұндай шарттарды бұзу тәртібі «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заңмен регламенттелген.

«Басқарушы компания – «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС-і шарттарды біржақты тәртіппен бұзуға құқық беретін, Заңда және үлгілік шартта көзделмеген тармақтарды белгілеп, 280 шарт жасасқан. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде Басқарушы компания барлық инвесторлармен шарттарды қайта жасасу рәсімін бастады», - деп хабарлады прокуратура.

Естеріңізге сала кетейік, проблемалық мәселелер туындаған кезде инвесторлар Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың 8-747-216-15-58 телефоны арқылы жүгіне алады.

21 тамыз, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.