Атырау, 10 қараша 10:46
 бұлттыВ Атырау +7
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Апелляциялық сот экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының жазасын өзгеріссіз қалдырды

392 просмотра

2024 жылғы 21 тамызда Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұрынғы мәдениет министрі, Ұлттық музейдің директоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлы және басқаларына қатысты қылмыстық іс апелляциялық тәртіпте қарап, оның бұған дейінгі үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамдиұлы өкілеттілігін теріс пайдаланғаны үшін және аса ірі мөлшерже қаражат ұрлап, рейдерлік жасағаны үшін 11 жылға сотталған болатын.

«Астана қалалық сотының сот алқасы шағымдардың дәлелдерін зерделеп, процеске қатысушыларды тыңдап, қылмыстық істің материалдарын зерттеп, сотталғандардың кінәсінің дәлелденгені туралы сот қорытындыларымен келісті. Бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жою немесе өзгерту үшін негіздер анықталмады. Үкім заңды күшіне енді», - деп хабарлады бүгін, 21 тамыз күні сот алқасы.
21 тамыз, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.