Атырау, 13 қараша 13:50
 ашықВ Атырау -2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Алматыда қылмыс жасап, қашып кеткен күдікті Польшадан экстрадицияланды (ВИДЕО)

370 просмотра
видеодан скриншот

Қазақстан республикасы Бас прокуратурасының және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан республикасының Польша республикасындағы елшілігінің көмегімен алкогольдік масаң күйде Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Польшадан Грузия азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдікті 2023 жылы Алматы қаласында алкогольдік масаң күйде көлік жүргізіп келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен, салдарынан басқа көлікпен соғысып, жүргізушінің денсаулығына ауыр зиян келтірді. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

Биыл сәуір айында ол Польшада ұсталды.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша күдікті Қазақстанға экстрадицияланып, қазір тергеу изоляторына қамалды», - деп хабарлады прокуратура.

Айыпталып отырған қылмыс үшін 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

21 тамыз, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.