Атырау, 13 қараша 13:50
 ашықВ Атырау -2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Қазақстанда маймыл шешегі тіркелген жағдайда түрлі емдеу сценарийі әзірленуде

394 просмотра

Қазақстанда маймыл шешегі тіркелген жағдайда оны емдеудің түрлі сценарийлері әзірленуде, деп мәлімдеді денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев, деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Қазір мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді. Осы инфекцияны жұқтырған науқастар анықталған жағдайда әрекет ету үшін медициналық қызметтердің жұмыс алгоритмі әзірленді. Дәрілік заттардың қажет көлемін қалыптастыру шаралары қабылданды. Медицина қызметкерлерін диагностикалық және емдеу әдістеріне қайта оқыту іс-шаралары жергілікті жерде атқарылып жатыр. Бүгінгі таңда бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдың ұлттық жоспары әзірленді», - деді Нұрлыбаев.

Маймыл шешегі сирек кездесетін жұқпалы індет, оған қалтырау, жалпы әлсіздік және денеге қызыл бөртпелер шығу тән.

«Маймыл шешегінің 2022 жылдың мамыр айынан бастап жаппай таралуы тіркелгеннен бері індет жұқтырудың 99 мыңға жуық жағдайы расталды, оның ішінде 189 адам қайтыс болды. Эндемиялық елдердің қатарына Гана, Конго, Камерун, Либерия, Нигерия, Орталық Африка Республикасы кіріп отыр. Қазір еліміздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты, инфекцияны жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Індет бойынша тәуекелдерді бағалау жүйелі түрде атқарылып жатыр. Оның ішінде көршілес елдердегі эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізіледі. Африка елдерінен, сондай-ақ осы инфекция деректері анықталған басқа елдерден келген азаматтарға ерекше назар аударылады. Ауру жұқтырған елдер тізімі үнемі жаңаруда. Аталмыш жұқпалы ауруды жұқтыру қаупі ғалымдардың пікірінше жоғары емес», - деді денсаулықмині басшысының орынбасары.

Ол Қазақстан аумағында аурудың таралу қаупі төмен екенін мәлімдеді.
«Дегенмен министрлік Қазақстан Республикасының аумағына аталмыш инфекцияның кіріп кетпеуінің алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр», - деді Нұрлыбаев.

Вице-министр жағдай денсаулықминінің үнемі назарында екенін жеткізді.

Еске салсақ, 18 тамызда ҚазТАГ маймыл шешегінің елімізде таралмауының алдын алу үшін шекарада және әуежайда тексерістің күшейтілгенін хабарлаған еді.

20 тамыз, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.