Атырау, 18 шілде 04:49
 дождьВ Атырау +22.5
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97

Қазақстандық 300 талапкер Түркия грантын иеленді

574 рет қаралды

2024-2025 оқу жылында 300 қазақстандық студент Türkiye Bursları гранттық бағдарламасы аясында Түркияның мемлекеттік университеттерінде оқуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, бұл бағдарлама – Түркияда жоғары білім алу үшін толық қаржыландыруды қамтамасыз ете отырып, шетелдік студенттерді қолдауға бағытталған негізгі бастаманың бірі.

«Биылғы оқу жылына арналған грантқа ие болған қазақстандық студенттердің тізімі тамыз айында жарияланды», - деп жазды министрлік.

Әлемнің түкпір-түкпірінен талантты талапкерлерге арналған Türkiye Bursları бағдарламасы 1991 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін Қазақстаннан бұл грантты 9 мыңнан астам студент иеленген.

20 тамыз 2024, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.